Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Сайрамскому району на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 бабтарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота
Сайрам ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 442 қаулысына қосымша 2023 жылға арналған Сайрам ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота № Ұйымдардың атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны) (%) Квота белгіленген жұмыс орындарының саны 1 Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлеккеттік коммуналдық кәсіпорны 1951 4 4 2 Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Қарабұлақ» Сайрам аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлеккеттік коммуналдық кәсіпорны 924 4 3 3 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 13 А.Навои атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 184 3 1 4 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 45 1-Май» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 205 3 1 5 «Стоматологиялық емхана» мемлекеттік емес мекемесі 57 2 1 6 «Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 144 3 2 7 «Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 68 2 1 8 Қазақстан халықтар достығы университеті мекемесінің «Ақсукент көп салалы колледжі» жеке мекемесі 56 2 1 9 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Д,Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорны 162 3 1 10 «Сапа» медициналық орталығы» жеке мекемесі 139 3 1 11 «АХБК»(Алматинский хлопчатобумажный комбинат) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 127 3 1 Барлығы: 4017 17