Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған
Басқа 0
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2023 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Созақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Созақ ауданы әкімдігінің
«28» қарашадағы 2022 жылғы
№346 қаулысына
1 қосымша
2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
233
1%
2
Басқа 9. 2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Созақ ауданы әкімдігінің
«28» қарашадағы 2022 жылғы
№346 қаулысына 2 қосымша
2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ Сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
68
1%
1