Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Созакскому району на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша «Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9,27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Созақ ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота
Созақ ауданы әкімдігінің
«28» қарашадағы 2022 жылғы
№347 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған Созақ ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Ұйымның штаттық құрамы
Квота мөлшері (%)
Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
226
3
4
3
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
109
3
2
1
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «М.Әуезов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
61
2
0
1
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
187
3
3
3
Барлығы:
583
х
9
8