Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Айтекебийскому району на 2023 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «01» желтоқсандағы № 252 қаулысына қосымша 2023 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота № р/н Ұй­ым­дар­дың ата­уы Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %) Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік) 1 «Ком­со­мол» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 85 2 2 2 «Кұм­кұ­дык» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 119 3 4 3 «На­зер­ке-2013» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 50 2 1 4 «ЕН­БЕК - AGRO» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 60 2 1 5 «БУ­ЛАК АГ­РО» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 50 2 1 6 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат­ты пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Қа­ра­бұ­тақ ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 55 2 1 7 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Әй­те­ке би аудан­дық ау­ру­ха­на­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны 194 3 6 8 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ве­те­ри­на­рия бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Әй­те­ке би аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық стан­са­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны 60 2 1