Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью в Айтекебийском районе на 2023 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға арналған Әйтеке би ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға арналған Әйтеке би ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «01» желтоқсандағы № 251 қаулысына қосымша 2023 жылға арналған Әйтеке би ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы № Ұй­ым­дар­дың ата­уы Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны Кво­та мөл­ше­рі (қыз­мет­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан% ) Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік) 1 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның бі­лім бас­қар­ма­сы Әй­те­ке би ауда­ны­ның бі­лім бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 212 3 6 2 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Әй­те­ке би аудан­дық ау­ру­ха­на­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны 194 3 6 3 «Ақ­тө­бе об­лы­сы Әй­те­ке би аудан­дық мә­де­ни­ет, тіл­дер­ді да­мы­ту, дене шы­нық­ты­ру және спорт бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Әй­те­ке би аудан­дық «Це­лин­ник» мә­де­ни­ет үйі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық қа­зы­на­лық кә­сі­по­ры­ны 100 2 2 4 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның та­би­ғи ре­сур­стар және та­би­ғат­ты пай­да­ла­ну­ды рет­теу бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Қа­ра­бұ­тақ ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 55 2 1 5 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның бі­лім бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Әй­те­ке би кө­пса­ла­лы кол­ле­джі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық қа­зы­на­лық кә­сі­по­ры­ны 60 2 1 6 «Ақ­тө­бе об­лы­сы Әй­те­ке би аудан­дық мә­де­ни­ет, тіл­дер­ді да­мы­ту, дене шы­нық­ты­ру және спорт бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Әй­те­ке би аудан­дық ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған кі­та­п­ха­на­лар жүй­е­сі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 52 2 1 7 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ве­те­ри­на­рия бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Әй­те­ке би аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық стан­са­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны 60 2 1