Об установлении квоты рабочих мест на 2023 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации Казыгуртского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылы Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 2023 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы №345 қаулысына қосымша Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 2023 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы № Ұйым атауы Тізімдік саны Квота мөл шері (%) Жұмыс орындарының саны 1. Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 143 1,4% 2 2. «Сырлы» шаруа қожалығы 11 9% 1 3. «Ережеп» шаруа қожалығы 7 14,2% 1 4. «Кудайбергенов Ж.» жеке кәсіпкер 10 10% 1