Об установлении квоты рабочих мест для лиц имеющих инвалидность на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына квота мөлшері
Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы №346 қаулысына қосымша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына квота мөлшері № Ұйымның атауы Тізімдік саны Квота мөлшері (%) Жұмыс орындарының саны (адам) 1. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қаржан» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 102 3 3 2. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «П.Тәжібаева» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 88 2 2 3. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ө.Жамалов» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 108 3 3 4. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Жаңатірлік» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 88 2 2 5. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «1-Мамыр» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 68 2 1 6. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қақпақ» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 106 3 3 7. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ақжар» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық қазыналық кәсіпорын 65 2 1 8. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Атбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 130 3 4 9. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «А.Оразбаева» атындағы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 78 2 2 10. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі. 180 3 5 11. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Тураб Тула» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 85 2 2