Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. 2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Келес ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «02» желтоқсандағы
№347 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (адам)
1
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Абай» Келес аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1346
4
54
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№11 «Жолбасшы» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
59
2
1
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№36 М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
156
3
5
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
108
3
3
5
Келес ауданы әкімдігінің «Келес қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
147
3
4
6
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
150
3
4
7
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№54 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
2
2
8
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «№13 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
90
2
2