Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Толебийскому району Туркестанской области на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабын 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау және өзге де туындайтын шараларды қамтамасыз ету осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары С.Дуйсебаевқа және Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Бейсебаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі
Төлеби ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсандағы №593 қаулысына қосымша Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Төлеби ауданы бойынша ұйымдардың тізімі № Ұйымның атауы Қызметкерлердің тізімдік саны Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі(%) Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны 1 «Ақмаржан LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 90 2 2 1 2 «Жасмина» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 51 2 1 0