Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей являющихся выпускниками организаций образования Сарыагашского района Туркестанской области на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
2023 жылға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. 2023 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3-тармағының талаптары қатаң сақталсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 377 қаулысына 1-қосымша
2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2185
1%
22
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
170
1%
2
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№75 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
128
1%
1
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
196
1%
2
5
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№61 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
154
1%
2
6
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
1%
1
7
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
138
1%
1
8
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№10 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
152
1%
2
Барлығы
3235
33
Басқа 8. 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 377 қаулысына 2-қосымша
2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
«Сарыағаш» Емдеу-оңалту кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
351
1%
4
Барлығы
351
4
Басқа 9. 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 377 қаулысына 3-қосымша
2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
119
1%
1
2
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2185
1%
22
Барлығы
2304
23