Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Темирскому району на 2023 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға Темір ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға Темір ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Темір ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіліенген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3.Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «05» желтоқсандағы № 254 қаулысына қосымша 2023 жылға Темір ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота № р/н Ұй­ым­дар­дың ата­уы Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны Кво­та мөл­ше­рі (жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %) Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік) 1. «Те­мір аудан­дық мә­де­ни­ет, дене шы­нық­ты­ру және спорт бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Н.Бай­ға­нин атын­да­ғы Те­мір аудан­дық мә­де­ни­ет үй» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 96 2 2 Бар­лы­ғы 96 2 2