Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Темирскому району на 2023 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Темір ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіліенген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «05» желтоқсандағы № 253 қаулысына қосымша 2023 жылға Темір ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота № р/н Ұй­ым­дар­дың ата­уы Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны Кво­та мөл­ше­рі (Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан %) Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (бір­лік) 1 «СН­ПС-Ак­то­бе­мұ­най­газ» АҚ «Кең­қи­яқ­мұ­най» НГ­ДУ 120 2%) 1 2 «Те­мір аудан­дық мә­де­ни­ет дене шы­нық­ты­ру және спорт бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Н.Бай­ға­нин атын­да­ғы Те­мір аудан­дық мә­де­ни­ет үйі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық қа­зы­на­лық кә­сі­по­ры­ны 96 2%) 1 3 «Те­мір аудан­дық тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы­ғы, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің «Шұ­бар­құ­дық-жы­лу» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 90 2%) 1 4 «Те­мір аудан­дық тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лы­ғы, жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі және ав­то­мо­биль жол­да­ры бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Кең­қи­яқ СК» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­ры­ны 40 2%) 1 5 «Ақ­тө­бе об­лы­сы, Те­мір ауда­ны Шұ­бар­құ­дық ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме 27 2%) 1 6 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның ден­са­улық сақ­тау бас­қар­ма­сы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы «Те­мір аудан­дық ау­ру­ха­на­сы» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық кә­сі­по­ры­ны 450 2%) 7 «Ұлы қа­быр­ға» Қа­зақ­стан-Қы­тай бұр­ғы­лау ком­па­ни­я­сы ЖШС 120 2%) 8 ЖК «Қол­да­нов» Қол­да­нов Да­ни­яр Ба­зар­ға­ли­ұлы 10 2%) 1 9 «КМК Мұ­най» АҚ 90 2%) 1 10 Фир­ма «АдаОйл» 45 2%) 1 11 ЖШС «Во­сток нефть и сер­вис­ное об­слу­жи­ва­ние» 70 2%) 1 Барлығы: 1158 11