Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына 2023 жылға квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қабылдануына орай заңнамаларда белгіленген тәртіппен тиісті жұмыстарды жүргізіп, жүзеге асыру Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ж.Турлыбеков) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шардара ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Шардара ауданы әкімдігінің «14» желтоқсан 2022 жылғы № 335 қаулысына қосымша Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері № Кәсіпорынның, ұйымының, мекеменің атауы Ұйымның штаттық құрамы Квота мөлшері (%) Жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдар саны Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (дана) 10 Барлығы 2410 50 10 1 Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Шардара аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 900 4 31 1 2 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Сырбек Каттебеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 281 4 1 1 3 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№12 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 139 3 3 1 4 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазақстан жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 270 4 2 1 5 Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 108 3 2 1 6 Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 95 2 1 7 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Сырдария жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 192 3 4 1 8 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№2 Жамбыл Жабаев атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 120 3 2 1 9 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шардара мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 200 3 3 1 10 Шардара ауданы әкімдігінің Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шардара аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 105 3 2 1