Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью и отдельных категорий граждан по городу Темиртау и поселку Актау на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
2023 жылға Теміртау қаласы мен Ақтау
кенті бойынша мүгедектігі бар адамдар
мен азаматтардың жекелеген санаттарын
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласындағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындар санының екі пайызынан төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Теміртау қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
Теміртау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» желтоқсандағы
№ 89/6 қаулысына
1- қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№
Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«ArselorMittal Temirtau» акционерлік қоғамы
14629
1
8
2
«Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» акционерлік қоғамы
976
1
1
Басқа 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
Теміртау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» желтоқсандағы
№ 89/6 қаулысына
2 - қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№
Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«ArselorMittal Temirtau» акционерлік қоғамы
14629
1
10
2
«Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» акционерлік қоғамы
976
1
1
Басқа 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
Теміртау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» желтоқсандағы
№ 89/6 қаулысына
3 - қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№
Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
«Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» акционерлік қоғамы
976
1
1
2
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
64
1
1
3
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Алтынай» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
66
2
1
4
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
72
1
5
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
72
1
Басқа 4. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
Теміртау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» желтоқсандағы
№ 89/6 қаулысына
4 - қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№
Ұйымның атауы
Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)
1
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің №1 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
87