Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
2023 жылы мүгедектер үшін
жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес 2023 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2023 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі.
Басқа 0. Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «02» желтоқсандағы
№ 365 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
«Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
63
2
1
2
«Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
121
3
1