Об установлении квоты рабочих мест по Урджарскому району области Абай на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға Абай облысы Үржар ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 13.06.2016 жылғы № 498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» және 26.05.2016 жылғы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 3 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 4 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Басқа 7. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы
Үржар ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсан күнгі № 566 қаулысына № 1 қосымша Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы № Ұй­ым­ны­ңа­та­уы Жұ­мыс-кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны, адам Жұ­мыс­кер­лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан пай­ы­здық мән­де­гі кво­та мөл­ше­рі Жұ­мыс орын­да-ры­ның са­ны 1 «Б.Мо­мы­шұ­лы атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 153 3 5 2 «С.Сей­фул­лин атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 151 3 5 3 «Абай атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 131 3 4 4 «І.Жан­с­ү­гі­ров атын­да­ғы ор­та мек­теп» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 117 2 2 5 «Ә.Най­ман­бай атын­да­ғы ор­та мек­теп» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 107 3 3 6 «Жар­бұ­лақ ор­та мек­те­бі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 80 2 2 7 «На­у­а­лы ор­та мек­те­бі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 73 2 1 8 «Жү­за­ғаш ор­та мек­те­бі» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 68 2 1 9 «Қа­ра­тал ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 60 2 1 10 «Ы.Ал­тын­са­рин атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 54 2 1 11 «Ш.Уә­ли­ха­нов атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 52 2 1 12 «Қа­ра­қол ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 52 2 1 13 «Тұр­са­бе­ков атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 51 2 1 14 «Тұ­ра­ғұл Қо­ныр атын­да­ғы ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 51 2 1 15 «Қа­ра­бұ­лақ ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 51 2 1 16 «Некра­сов­ка ор­та мек­теп-бақ­ша» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 51 2 1 Бар­лы­ғы: 1302 31
Басқа 8. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Үржар ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсан күнгі № 566 қаулысына № 2 қосымша Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы № Ұй­ым­ның ата­уы Жұ­мыс­кер­лер­дің­ті­зім­дік са­ны, адам Жұ­мыс­кер-лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан пай­ы­здық мән­де­гі кво­та мөл­ше­рі Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны 1 «Юби­лей­ный» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 50 2% 1
Басқа 9. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Үржар ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсан күнгі № 566 қаулысына № 3 қосымша Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы № Ұй­ым­ны­ңа­та­уы Жұ­мыс­кер­лер­дің­ті­зім­дік са­ны, адам Жұ­мыс­кер-лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан пай­ы­здық мән­де­гі кво­та мөл­ше­рі Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны 1 «Ярус» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі 57 2 % 1
Басқа 10. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Үржар ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 02 желтоқсан күнгі № 566 қаулысына № 4 қосымша Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы № Ұй­ым­ны­ңа­та­уы Жұ­мыс­кер­лер-дің ті­зім­дік са­ны, адам Жұ­мыс­кер-лер­дің ті­зім­дік са­ны­нан пай­ы­здық мән­де­гі кво­та мөл­ше­рі Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны 1 Абай об­лы­сы Үр­жар ауда­ны әкім­ді­гі­нің же­дел бас­қа­ру құқы­ғын­да­ғы «Мә­де­ни­ет үйі» мем­ле­кет­тік ком­му­нал­дық қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны 171 0,5 % 1 2 Абай об­лы­сы ве­те­ри­на­рия бас­қар­ма­сы­ның «Үр­жар-Вет» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны 144 1% 1 Бар­лы­ғы: 315 2