Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по городу Актобе Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.