Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2023 год по городу Жанаозен Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «26»желтоқсандағы №665 қаулысына қосымша Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі № Ұйымның атауы Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) барлығы Ауыр жұмыстардағы еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) Ауыр жұмыстардағы еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота саны (адам) Мүгедектерге белгіленген квота мөлшері (%) 1 2 3 4 5 6 1 «Өзенпромгеофизика» Акционерлік қоғамы 192 83 2 2 % 2 «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 176 176 5 3 % 3 «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2025 261 10 4 % 4 «TENGE Oil & Gas» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 150 72 1 2 % 5 «Кезби» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 1050 81 2 2 % 6 «Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 374 374 15 4 % Барлығы: 6 3967 1047 35