Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2023 год по Казталовскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2023 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №323 «2022 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 6. 2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Казталов ауданының ұйымдарының тізбесі
Казталов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12желтоқсандағы № 288 қаулының қосымшасы 2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Казталов ауданының ұйымдарының тізбесі № Ұйымның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) Квота мөлшері % Жұмыс орындарының саны (бірлік) 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бірік орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 80 2 2 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 74 2 1 3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Казталов ауданының білім беру бөлімінің Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 70 2 1 БАРЛЫҒЫ 224 4