Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов на 2023 год по Успенскому району Күшін жойған
Басқа 0
Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.