Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Каратобинскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаратөбе ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.