Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год на территории Уалихановского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді ораналастыру орындарындағы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.