Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год на территории Жамбылского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен бекітілген шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда − болу құнының 1 (бір) пайызын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.