Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Таскалинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Тасқала ауданы аумағындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, оларды орналастыру орындарында тәулігіне болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.