Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год в Жаркаинском районе Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Жарқайың ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.