Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год в Есильском районе Күшін жойған
Басқа 0
Есіл ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.