Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Алгинскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алға ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.