Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Макатскому району Күшін жойған
Басқа 0
Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы Мақат ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.