Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год в Астраханском районе Акмолинской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы Астрахан ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Астрахан ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.