Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства на 2023 год Күшін жойған
Басқа 0
2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 -бабының 7) тармақшасына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдаструшылық – құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындарына квота белгіленсін:
Тармақша 1
1) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
Тармақша 2
2) Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
Тармақша 3
3) Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
Тармақша 4
4) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін:
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Кентау сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
397
0,75%
1
Басқа 12. Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
№
Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ащысай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
175
0,57%
1
2
Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Кентау сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
397
0,75%
1
Басқа 13. Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Кентау көпсалалы колледжі» комуналдық қазыналық кәсіпорын
138
0,72%
1
Басқа 14. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 4-қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам
Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері
Жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
157
0,63%
1