Об установлении квот на рабочие места для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до достижения ими совершеннолетия, являющихся выпускниками организаций образования города Туркестан на 2023 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы Қазақстан республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 бұйрығымен бекітілген «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына» сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуы қала әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Кузембаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі
Түркістан қаласының әкімдігінің 2023 жылғы «27» қаңтардағы «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №18 қаулысына №1 қосымша Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі № Ұйым атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны 1 «Түркістан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 208 1 2 2 «KAZSTROY A & G COMPANY» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы филиалы 147 1 1 3 «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 330 1 3 4 Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 255 1 2 Барлығы: 940 8
Басқа 8. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі
Түркістан қаласының әкімдігінің 2023 жылғы «27» қаңтардағы «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №18 қаулысына №2 қосымша Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі № Ұйым атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны 1 «KAZSTROY A & G COMPANY» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы филиалы 147 1 1 2 «Түркістан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 208 1 2 3 Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 255 1 2 4 «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 330 1 3 Барлығы: 940 8
Басқа 9. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі
Түркістан қаласының әкімдігінің 2022 жылғы «27» қаңтардағы «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №18 қаулысына №3 қосымша Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі № Ұйым атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны 1 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 154 1 2 2 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 149 1 1 Барлығы: 303 3