Об утверждении ставки туристского взноса для иностранцев на 2023 год на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған
туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.