Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по Аулиекольскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.