Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2023 год по городу Аксу Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес Ақсу қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шетелдіктер үшін 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.