Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Северо-Казахстанской области на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидий на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Северо-Казахстанской области на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 27.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2023 189087_666338.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23S0763415
- ЭКБ идентификаторы
- 189087
- Редакция идентификаторы
- 189087_666338
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:21
0 2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі
мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелді) бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес, мәслихаттың 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/2 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі»
республикалық мемлекеттік мекемесі
1 2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы «27» қарашадағы
№ 219 қаулысына қосымша
2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидия сомасы, (мың теңге)
1
Балық өсіру материалын сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар:
1.1
Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)
дана
75 083 000
18770,75
1.2
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)
дана
8 900 000
267
1.3
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар) 30 грамға дейін
дана
63 000
472,5
2
Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар
дана
1
489,75
Жиыны
20 000