О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2024 – 2026 годы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге; 2025 жыл – 2 000 000 000 мың теңге; 2026 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.
Бап 2
2-бап. Кесімді баға мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2024 – 2026 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 2024 жыл – бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары; 2025 жыл – бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары; 2026 жыл – бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары.
Бап 3
3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2022 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.