Об утверждении тарифы для сбора, транспортировки, сортировки и захоронения твердых бытовых отходов для населения на 2024-2026 годы по Кербулакскому району Күшін жойған
Басқа 0
Кербұлақ ауданы бойынша 2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған есептеу тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының сәйкес Кербұлақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасы негізінде Кербұлақ ауданы бойынша 2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған есептеу тарифтері 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2024 жылғы______________
№______ Қаулысына 1 - қосымша
2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған есептеу тарифтері
№
Атаулары
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
(1 айға)
1.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері
1.1
Абаттандырылған (Көппәтерлі тұрғын үй)
1 тұрғын - 1 м3
242,84
1.2
Абаттандырылмаған (Жеке тұрғын үй)
1 тұрғын - 1 м3
245,22
1.3
Заңды тұлғалар
1 м3
2856,97
2.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтері
2.1
Абаттандырылған (Көппәтерлі тұрғын үй)
1 тұрғын - 1 м3
222,78
2.2
Абаттандырылмаған (Жеке тұрғын үй)
1 тұрғын - 1 м3
224,96
2.3
Заңды тұлғалар
1 м3
2620,95