Об определении перечня социально значимых автомобильных сообщений города Хромтау, подлежащих субсидированию в 2024-2026 годах Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 156 шешіміне қосымша 2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі № Марш­рут­тың ата­уы (марш­рут нө­мі­рі) Марш­рут тү­рі (ата­уы) Әді­сте­ме­ге сәй­кес анық­тал­ған 1 жо­ла­у­шы­ға ар­нал­ған Та­риф 1 жо­ла­у­шы­ға ұсы­ны­ла­тын неме­се қол­да­ны­с­та­ғы та­риф Нақ­ты және ұсы­ны­л­ған та­риф ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­сы Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастардың жылдар бойынша бөлінісіндегі 3 жылға болжамдалатын субсидиялау көлемі 1 2 3 4 5 6 7 2024 2025 2026 Бар­лы­ғы 1. № 1 «Ак­жол» дү­ке­ні – «22 квар­тал» аял­да­ма­сы 354,29 80 274,29 8 600 391 8 600 391 8 600 391 25 801 173 2. № 2 «Жа­ңа стан­ция» аял­да­ма­сы – «22 квар­тал» аял­да­ма­сы 345,22 80 265,22 8 181 609 8 181 609 8 181 609 24 544 827 3. № 3 «Ақ­тө­бе об­лы­сы Хром­тау ауда­ны Дөң ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі – «Қаз­по­шта» Ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның фи­ли­а­лы 531,99 80 451,99 64 489 787 64 489 787 64 489 787 193 469 361 Бар­лы­ғы 81 271 787 81 271 787 81 271 787 243 815 361