Об оказании в 2024 году дополнительной социальной помощи ветеранам войны в Афганистане к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2024 жылы Ауғанстан соғысының ардагерлеріне Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай, әлеуметтік көмек алушылардың өтініші талап етілмей уәкілетті ұйымның тізімі негізінде әрбір Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.