Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района на 2024 год

Өзге акт · № 134 · қабылданған 25.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-191235/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района на 2024 год Қолданыста Өзге акт ·№ 134 ·25.12.2023
10.09.2024 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района на 2024 год

Қолданыста Өзге акт ·№ 134 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района на 2024 год
Атауы (қаз.)
Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
134
Қабылданған күні
25.12.2023
Көрсетілген редакция
10.09.2024 191235_721070.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23CJ00134M
ЭКБ идентификаторы
191235
Редакция идентификаторы
191235_721070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:22

0 Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне

2024 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға келесі әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

1 1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау–бюджеттік кредит:

ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.

2 2. Басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

3 3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы