Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2024 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 39-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Абай облысы әкімдігі 2024 жылғы 8 ақпандағы № 28 қаулысына қосымша Тұқым шаруашылығын дамытуға 2024 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі Бюджет түрі Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге) оның ішінде (мың теңге) бірегей тұқымдар элиталық тұқымдар бірінші репродукция тұқымдары бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары Жергілікті 845 300,0 20 000,0 19 000,0 806 300,0 Барлығы 845 300,0 20 000,0 19 000,0 806 300,0