Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства на 2024 год Күшін жойған
Басқа 0
2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №140838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Жетісу облысы әкімдігінің
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 75 Қаулысына қосымша
2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Облыс атауы
Бюджеттік қаражат көлемі, теңге
1
Жетісу облысы
1 018 630 000
Барлығы
1 018 630 000