Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2024 год по Актогайскому району Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған турістік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде мөлшемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 84/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7456-14 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.