О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Хромтауского района на 2024 год Күшін жойған
Басқа 0
2024 жылға арналған Хромтау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32927 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2024 жылға арналған Хромтау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа еңгізіледі.