«Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
«Сарыағаш ауданының дербес
бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы»
аудан әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы
№ 282 қаулысына өзгеріс енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 282 «Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы» қаулысына мындай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
«13» шілде 2026 жылғы
№ 280 қаулысына қосымша
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
19 тамыз 2025 жылғы
№ 282 қаулысына 4-қосымша
«Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі) ауданның ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі №37 үй, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1)құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму және дін істері басқармаларының Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындайды;
қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;
қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай–ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
Тармақша 3
3) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Тармақша 4
4) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму және дін істері басқармаларымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму және дін істері басқармаларына есеп беріп отырады.
Тармақша 6
6) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) қала мен ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
Тармақша 10
10) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 11
11) ішкі саясат саласында, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 12
12) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) саяси партиялармен этно– мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
Тармақша 15
15) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және зерттеу жұмыстарын орындайды;
Тармақша 16
16) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді:
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне бағынысты ұйым - «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.