О размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2025-2026 учебный год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес орналастырылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы « 2 » желтоқсандағы № 245 қаулысына 1-қосымша 2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен) № Білім беру саласының коды және сыныпталуы Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы 2025-2026 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны) Оқу жылында 1 студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу (толық оқу) ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 1 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету 6В101 Денсаулық сақтау В086 Жалпы медицина 7 1230700 1218300 М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті 2 6В01 Педагогикалық ғылымдар 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау В010 Физика мұғалімдерін даярлау 4 1139200 1008100 В009 Математика мұғалімдерін даярлау 4 1139200 1008100 Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университеті 3 6В01 Педагогикалық ғылымдар В001 Педагогика және психология B001 Педагогика және психология 4 1139 200 1008100 Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 4 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар B027 Театр өнері 1 1209300 1055900 «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті 5 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар 6В022 Гуманитарлық ғылымдар В033 Дінтану және теология 7 1209300 1055900 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 6 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар 6B082 Мал шаруашылығы B078 Мал шаруашылығы 3 933600 831800 Барлығы 30
Басқа 8. 2025-2026 оқу жылына жоғары орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы « 2 » желтоқсандағы № 245 қаулысына 2-қосымша 2025-2026 оқу жылына жоғары орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен) № Білім беру саласының коды және сыныпталуы Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы 2025-2026 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны) Оқу жылында 1 студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу (толық оқу) ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 1 7R09 Денсаулық сақтау Акушерия және гинекология (оның ішінде балалар гинекологиясы) 4 1 939 900 1 398 900 2 Анестезиология және реаниматология (оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы) 2 1 939 900 1 398 900 3 Дерматовенерология ересектердің, балалардың 1 1 939 900 1 398 900 4 Кардиология (оның ішінде кардиология балалардың) 1 1 939 900 1 398 900 5 Неврология ересектердің, балалардың 2 1 939 900 1 398 900 6 Оториноларингология ересектердің, балалардың 3 1 939 900 1 398 900 7 Офтальмология (оның ішінде офтальмология балалардың) 3 1 939 900 1 398 900 8 Радиология 5 1 939 900 1 398 900 9 Травматология - ортопедия (оның ішінде травматология - ортопедия балалардың) 1 1 939 900 1 398 900 Барлығы 22