Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2025-2026 учебный год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» ___________ № _________ қаулысымен бекітілді 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы № Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастыруы Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар, гранттар саны) Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге 1 В033 Дінтану мамандарын даярлау Теология 2 1055900 2 В033 Дінтану мамандарын даярлау Исламтану 3 1055900 3 В003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Бастауыш білім беру мұғалімі 3 1008100 4 В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Дене шынықтыру мұғалімі 10 1008100 5 В009 Математика мұғалімдерін даярлау Математика мұғалімі 3 1008100 6 В010 Физика мұғалімдерін даярлау Физика мұғалімі 2 1008100 7 В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Орыс тілі мұғалімі 7 1008100 Барлығы: 30