О размещении и распределении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим или послевузовским образованием в организациях образования в области туризма из республиканского бюджета на 2025-2026 учебный год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-8) тармақшасына сәйкес және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі бекітілсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туризм саласындағы білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы «___» _________ №____бұйрығына қосымша 1 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқа 2. 2025-2026 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы «___» __________ №____бұйрығына қосымша 2 2025-2026 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі Оқытудың толық түрі В091-Туризм № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы В092-Тынығу № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы B093 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қысқартылған оқу В091-Туризм № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы В092-Тынығу № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы B093 - Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Оқытудың толық түрі М147 – Туризм № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы М149 – Мейрамхана және қонақ үй бизнесі № Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы 1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Басқа 3. 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы «___» __________ №____ бұйрығына қосымша 3 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы № Коды Топтың атауы Гранттың жалпы саны Күндізгі оқу нысаны 1. В091 Туризм 266 266 2. В092 Тынығу 176 176 3. В093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі 104 104 4. Барлығы 546 546 1. Квоталар 5. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 2 пайыз 14 6. басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,2 пайыз 1 7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз 27 8. жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз 7 9. кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз 34 10. кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін –3 пайыз 20 11. бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 2 пайыз 14 12. әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 2,5 пайыз 17 13. Барлығы 134 14. Қорытынды 680 15. «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бойынша қорытынды 680 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы № Коды Топтың атауы Гранттың жалпы саны Күндізгі оқу нысаны 1. М147 Туризм 15 15 2. М149 Мейрамхана және қонақ үй бизнесі 10 10 3. Барлығы 25 25