Об утверждении объема государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях Павлодарской области на 2025-2026 учебный год Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында
2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 251 бірлескен бұйрығы және Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 192, Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № А-11/584, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 233, Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 42-бн/қ, Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 247, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 277, Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 230, Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 353, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 241, Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 63/01, Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 2, Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 211, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 42-нқ, Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 294/1, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 297, Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 1, Ұлытау облысының 2025 жылғы 11 қарашадағы № 91/05, Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 107/4130, Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 4/733 және Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы «Жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа тетігі» пилоттық жобасы туралы» № 6167 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысының жеке меншік орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 жылдарға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының қоса берілген көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 5. Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы
«Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында
2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік
білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы»
№ 19/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ___________
№ _________ қаулысымен
бекітілді
Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы
«Павлодар облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында
2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік
білім беру тапсырысының көлемін бекіту туралы»
№ 19/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
№
Жеке меншік орта білім беру ұйымының атауы
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны
Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
1
«Лидер» жалпы білім беру мектебі» ЖШС БМ
96
51 999
2
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы Екібастұз ғылым мектебі» ЖШС
584
60 870
3
Павлодар қ. «Лингва» жеке меншік мектебі» ЖШС
19
51 999
4
Павлодар қ. «ДеТвоРа» ББК» ЖШС (бастауыш мектеп)
359
51 999
5
Павлодар қ. «№ 1 жалпы білім беру «Академия успеха» жеке меншік мектебі» ЖШС
220
51 999
6
«КЕО мектебі» ЖШС
31
51 999
Барлығы:
1309