О гарантированном трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2025 – 2027 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2025 жыл – 2 000 000 000 мың теңге; 2026 жыл – 2 000 000 000 мың теңге; 2027 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.
Бап 2
2-бап. Кесімді баға мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 – 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін: 2025 жыл – бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары; 2026 жыл – бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары; 2027 жыл – бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары.
Бап 3
3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.